ШҚО әкімі орынбасарының бекіткен кестесіне сәйкес, 2021 жылдың 24-25 желтоқсаны күндері Өскемен қаласындағы "Фрэш Маркет" гастрономы маңында Тарбағатай ауданы тауар өндірушілерінің кезекті жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге ауданның барлық ауылдық округтерінен ауылшаруашылық тауар өндірушілер белсене қатысты.
Жәрмеңкеде 500 келі жылқы еті, 4600 келі сиыр еті, 1200 келі қой еті және 2000 келі балық саудаланды.
Облыстық ауыл шаруашылығы бекіткен бағалар жылқы еті 2300 теңге, сиыр және қой еттері 2100-ден болса, ауданның тауар өндірушілері қала халқына бекітілген бағадан да төмен бағада саудалауға жетісті.