Ауданымызда кәсіп ашамын деген адамға мүмкіншілік бар. Тұғыл ауылдық округінде мемлекет қолдауын тиімді пайдаланған іскер жандардың бірі - Қарлығаш Халитова.
Ол осыдан бірнеше жыл бұрын ашқан тігін шеберханасының жұмысын дөңгелетіп отыр.
Талғаммен тігілген құрақ көрпе, ұлттық нақышта жасалған тұрмыстық бұйымдар көздің жауын алардай сәнді. Мұның барлығы Қарлығаш Халитованың жұмысы. Ине мен жіп ертеден жан серігі. Бүгінде екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Талап болса кез келген іс алға басады дейді кәсіп иесі.