Армрестлингтен әлем чемпионаты өтті!

Армрестлингтен  әлем чемпионаты өтті!
                 Румынияның Бухарест қаласында 24-қараша мен 3-желтоқсан аралығында армрестлингтен жастар мен ересектер арасында әлем чемпионаты өтті.
               Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, 55 келі салмақта Шығыс Қазақстанның өкілі Евгения Гунько (оң, сол қол) жеңімпаз атанды.
Евгения – Тұғыл ауылының тұрғыны, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, армрестлингтен жасөспірімдер арасында үш дүркін әлем чемпионы, армрестлингтен ересек әйелдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жасөспірімдер, жастар және әйелдер арасындағы Азия мен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, әлем кубогы кезеңінің чемпионы. кәсіпқойлар арасында армрестлингтен халықаралық турнирлердің чемпионы.