Мониторинг жұмыстары жалғасуда

Мониторинг жұмыстары жалғасуда

«Тарбағатай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Маханова Жұмаш Махановна ШҚО бойынша санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаментіне қарасты аймақтық органдардың зертханаларына қоғамдық бақылау жүргізу үшін Тарбағатай аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына қарасты зертханаға барып, жұмысымен танысып қайтты.

 Аталған зертхана әлеуметтік нысандар (балабақша, миницентр, мектеп асханаларының) тамақтарынан сынама алып, жылына 1 рет тармақтың құрамына, калориялығына микробиологиялық т.б сараптамалар жасайды.