Мониторинг жұмыстары жалғасуда

Мониторинг жұмыстары жалғасуда

«Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қараша айының жобалық тапсырмасына сәйкес, «Тарбағатай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Махановна Жұмаш Махановна «Nur Otan» партиясының Тарбағатай аудандық филиалының және аудандық кірістер басқармасының ғимаратына мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз кіріп-шығуларына (пандустарға) қоғамдық бақылау жүргізді.

Мониторинг жүргізілген нысандарды бақылау жұмыстары барысында құрылыс нормалары, талаптары және басқалар орнату бойынша нормаларды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг қорытындысы бойынша нысандарға байланысты мекеме басшыларына бірқатар ұсыныстар жасалды.