Мониторинг жұмыстары жалғасуда

Мониторинг жұмыстары жалғасуда

«Тарбағатай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Маханова Жұмаш Махановна Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының ШҚО бойынша филиалының Тарбағатай аудандық бөлімшесінде болып, ауыз су тазалығын бақылау үшін, аталған зертханаға барып, су сапасының құрамын, лайлығын, дәмін, кермектілігі, тотығуы және химиялық құрамына жасалатын сараптаманың қорытындысымен танысты.

 Аудан бойынша санитарлық-эпидемиялогиялық қорытынды алған 27 орталықтандырылған нысан (объекті) бар.

 Өндірістік бақылау негізінде жылына 2 рет тексеру үшін келісім шартқа отырады.

 Ауданда су сапасы санитарлық-эпидемиялогиялық талапқа сай. Халықтан су сапасына байланысты арыз- шағым түскен жоқ.