Президенттік жастар кадр резерві

Президенттік жастар кадр резерві

Мақсаты

Қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасының 35 жастан аспаған азаматтары

Жалпы еңбек өтілі – кемінде 5 жыл

Жоғары білімінің болуы

Орта деңгейден ( В1 ) төмен емес деңгейде мемлекеттік тілді білу

Президенттік резервте болу мерзімі - 3 жыл

- Резервке алынған адамдар Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда конкурс бойынша саяси лауазымдарға, «А» корпусының лауазымдарына, «Б» корпусының басшы лауазымдарына және «Б» корпусының А санаты тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін

- Президент тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервіндегі адамдар Резервке іріктеуге қатысуға жіберілмейді

Еліміздің дамуына өз үлесіңді қос!

Қатысу

ПЖКР-не тіркелген үміткерлер үшін QAZAQ RESMI TEST-ін тапсыруға дайындық бойынша онлайн курстар қарастырылған.

Шарттар pkrezerv.gov.kz-ке тіркелгеннен кейін қол жетімді болады.

 Президенттік жастар кадр резерві

«Бұл жоба елді өркендетуге бел буған, сол үшін бар күш-жігерін жұмсайтын азаматтарға арналған жоба. Басты міндет – талантты жастардың Қазақстанды жаңа белестерге көтеруіне мүмкіндік беру. Ең бастысы – туған еліңді шексіз қадірлеу және оған адал қызмет ету. Табанды еңбек етіп, нақты нәтижеге қол жеткізу керек. Бұл ұлтты жаңғырту үшін өте маңызды».

«Президенттік жастар кадр резервінің негізгі көздеген мақсаты – мемлекеттік аппаратты жетілдіру және басшылардың жаңа буынына жол ашу. Бүгінгі жастар – мемлекеттік басқару жүйесінің болашағы. Әрқайсыңыздан елді дамытуға тың серпін беретін жаңа идея мен нәтижелі жұмыс күтеміз».

– Қасым-Жомарт Токаев

Құндылықтар

Адамға бағдарлану

Кәсібилік

Адалдық

Үнемі өзін-өзі дамыту

Қалай қатысуға болады?

2021 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында pkrezerv.gov.kz сайтына тіркелу және өтінім беру, ол үшін қолданыстағы электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек және NCALayer бағдарламалық жасақтамасын орнату қажет

Жеке кабинетте профильді толтыру және электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою

Қажетті құжаттарды жүктеу:

Жеке куәлік көшірмесі

Жоғары білім туралы дипломдардың көшірмесі

Еңбек өтілін растайтын құжаттың көшірмесі

Мемлекеттік тілді білетіндігі туралы сертификат

2021 жылғы 2 қазан мен 25 желтоқсан аралығында іріктеу кезеңдерінен өту

Пайдаланушыларға pkrezerv.gov.kz сайтында жұмыс істеу үшін Google Chrome браузерін пайдалану ұсынылады

Кандидаттың құжаттарын қабылдау

Құжаттарды қабылдау осы онлайн-платформада кандидатты тіркеу және оған жеке нөмір беру арқылы жүргізіледі, ол нөмір бағалау кезеңінде қатысушының жеке деректерін иесіздендіру үшін пайдаланылатын болады. Тіркелу кезінде үміткерлер жеке басын куәландыратын, білімі туралы, еңбек өтілін растайтын құжаттардың көшірмелерін, орта деңгейден төмен емес (В1) белгіленген талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификатты жүктейді. Мұндай сертификат болмаған жағдайда тіркелу модулінде тестілеуге жазылу үшін ҚАЗТЕСТ жүйесіне (офлайн) немесе мемлекеттік тілді білу бойынша тестіні тапсыру үшін QAZAQ RESMI TEST (онлайн) жүйесіне өту мақсатында тиісті сілтеме болады. Тіркеу басталар алдында кандидат Пайдаланушы келісіммен танысады, дербес деректерді жинауға және өңдеуге өзінің келісімін растайды және белгіленген талаптарды қатаң сақтау бойынша міндеттемені қабылдайды, оның ішінде:

веб-камерамен жабдықталған және жылдамдығы кемінде 5 мб/сек Интернет желісіне қол жеткізетін компьютердің болуы керек екендігі туралы;

дәйексіз мәліметтер ұсынылған немесе тапсырмаларды орындауға өзге адамдарды тарту фактілері анықталған жағдайда іріктеудің кез келген кезеңінде шығарылатындығы туралы;

жүйеде қатысушы туралы деректердің сақталатындығы және оған жүйе пайдаланушыларының қол жеткізу мүмкіндігі туралы.

Іріктеу тәртібі

Онлайн

Қабілеттерді тестілеу

2021 жылғы 2 қазан, 2021 жылғы 6 қазан

Онлайн

Тестілеуді верификациялау

2021 жылғы 9 қазан

Онлайн

Ситуациялық тапсырмаларды шешу

2021 жылғы 12 қазан

Онлайн/Офлайн

Құзыреттерді бағалау

2021 жылғы 25 қазан мен 28 қараша аралығы

Онлайн/Офлайн

Сарапшылық комиссияда әңгімелесу

2021 жылғы 3 – 10 желтоқсан аралығы

Офлайн

Ұлттық комиссияның отырысы

2021 жылғы 13 – 25 желтоқсан аралығы

Қабілеттерді тестілеу

Бұл кезең кандидаттардың күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін тестілеудің екі жеке блогынан және оның нәтижелерін верификациялаудан тұрады. Талаптарға сәйкес келетін барлық кандидаттар мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтеді. Бұл ретте сандық тестілеуді орындауға ең көп балл жинаған кандидаттардың елу пайызы қарапайым саралау әдісімен жіберіледі. Бағалаудың екі блогынан өту қорытындысы бойынша кандидаттар верификацияға (нәтижелерді растауға) жіберіледі. Тестілеу басталар алдында кандидат оны өткізу тәртібімен танысады және міндетті түрде Пайдаланушы келісімін қабылдайды. Кандидат Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша белгіленген күн ішінде өзіне ыңғайлы уақытта интернет байланысы арқылы мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтеді. Тестілеуді тапсыру тілін кандидат өз бетінше таңдайды. Тапсырмаларға өтуді кандидат жеке кабинетте кандидат таңдаған уақытта алады. Әрбір бағалаудың ұзақтығы - 25 (жиырма бес) минуттан аспайды. Алдын ала нәтижелер тестілеу аяқталғаннан кейін кандидаттардың мониторларында көрсетіледі. Бағалаудың соңғы қорытындылары тестілеу блоктары аяқталғаннан кейін кандидаттың жеке кабинетінде орналастырылады. Осы кезеңдердегі нәтижелерді есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады.

Тестілеуден өту мүмкіндігі: тек 1 (бір) рет

Танысып шығуды ескере отырып, тестілеу уақыты: шамамен 45 минут

Қажетті ресурстар: компьютер/ноутбук және интернет желісіне тұрақты қолжетімділік (жылдамдығы кемінде 5 мб/сек)

Сізден интернетке тұрақты қолжетімділіктің бар екендігіне және тест тапсыру үшін қолайлы жағдай жасалғандығына алдын ала көз жеткізіп алуыңызды сұраймыз.

Онлайн

Қабілеттерді тестілеу (вербалды) 2 қазан

Толығырақ

Онлайн

Қабілеттерді тестілеу (сандық) 6 қазан

Толығырақ