Құрметті балалар, достар, ата - аналар! Сіздерді бүгінгі 1 - маусым балаларды қорғау күнімен Тарбағатай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі құттықтайды! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын!
Жас ұрпақ, жас буын, жас өспіріпдеріміз аман болсын. Елдің ертеңі болар сол жастарымыз бен балаларымыз! Балалар аман болсын, денсаулығы мықты болсын! Балалардың жолы ашық болып, ойлаған армандарына жетсін, біздердің қуанышымыз болсын!Халық аралық балаларды қорғау күні Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы «Балауса» жазғы лагерінде атап өтті.
Тарбағатай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен «Халық аралық балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында “ Отты тоқтат ” және “ Суда абай бол ” атты іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.Өткізілген іс-шара балаларға ғана емес ересектерге де жағымды әсер болды.