Орман дала өрттерінің уақытылы дер кезінде алдын алу мақсатында өрт сөндіру тірек посттарын тексеру жұмыстары

Орман дала өрттерінің уақытылы дер кезінде алдын алу мақсатында өрт сөндіру тірек посттарын тексеру жұмыстары

Ағымдағы жылдың 28 жұлдызы Құйған және Манырақ ауылдық округтерінің аумағындағы орман дала өрттерінің уақытылы дер кезінде алдын алу мақсатында Тарбағатай ауданы Құйған және Маңырақ ауылдық округінің өрт сөндіру тірек посттарының Зил 130 АЦ40 өрт сөндіру автокөліктерінің техникалық жағдайын,өрт қауіпті науқанға дайындығын Аудан әкімінің ТЖ мобилизация дайындығы бөлімі басшысы М. Иманбеков және Аудандық ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Д. Сағатбеков қарап, көріп техникалық жағдайы сай екендігі анықталды. Округтерде орналасқан бос тұрған гараж ғимаратын өрт сөндіру автокөлігін сақтауға пайдалануға Құйған және Маңырақ ауылдық округтерінің әкімдері және біздің тарапымыздан Тарбағатай ауданы әкімі Асхат Саидахметұлына ұсыныс жасалатын болды.