Мониторинг жұмыстары

Мониторинг жұмыстары

Ағымдағы жылдың 27-ші мамыры күні «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізілді.

Мониторинг жүргізу барасында «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік-қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шаралары бойынша 2021 жылға бір реттік көтерме жәрдемақы мөлшері 291 700,0 теңге -60 маманға берілген. Оның ішінде көтерме жәрдемақы 32 білім беру саласының маманына, 19 денсаулық сақтау саласының маманына, 4 ветеринария саласының маманына, 2 әлеуметтік қамсыздандыру саласы, 1 спорт саласы және 2 мәдениет салаларының мамандарына берілгендігі.

2021 жылы тұрғын үй бюджеттік кредит сомасы 188 млн. 147 мың теңге жоспарланған. Осы бөлінген қаржыдан бүгінгі күнге 12 маманға 43 млн. 755,5 мың теңге бюджеттік кредит бөлінген. (білім беру саласына-9, спорт саласына-2, денсаулық сақтау саласына-1).