Қоғамдық тамақтану нысандары «Ashyq» жобасына көптеп қатысады деп күтілуде - ҰКП

Қоғамдық тамақтану нысандары «Ashyq» жобасына көптеп қатысады деп күтілуде - ҰКП

Өткен жылдың соңында 514 мың бизнес субъектісі шектеулермен жұмыс істесе, 15 мыңы жабық тұрды. «Ashyq» жобасын іске асыру толық локдауннан шығуға және ауру жұқтырған адамдардың объектілерге кіруін шектеу арқылы нақты жұмыс істеуге мүмкіндік береді. ҰКП өкілдері жобалық офиспен, бас санитарлық дәрігермен, Денсаулық сақтау министрлігімен және ЦДИАӨМ-мен, «Ashyq» жобасын әзірлеушімен бірлесіп бұл халықаралық тәжірибені зерделеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева мәлімдеді.