Қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі - азаматтармен мұз үстінде жүру тәртібі сақталмай қайғылы жағдайлар орын алуда. Жыл сайын орын алып жатырған адам қазасы да, көптеген азаматтарға сабақ болмауы, әрине өкінішті-ақ. Көп жағдайда мұз үстіне балық аулау үшін немесе жол қысқарту мақсатында өзеңдер мен көлдерді кесіп өтетіндігі бәрімізге мәлім, дегенмен де өз өмірін тәуекелге тігіп, сақтық шараларын ұмытуға болмайтындығын әрқашан естен шығармаған абзал.
Ауа райының жылы болуынан аудан көлеміндегі барлық су айдындарында және өзендерінде мұздың қалындығы жұқа және әр жерден жарықтар пайда болуына байланысты мұздың техникалық төзімділігі талапқа сай емес.
«Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының» талаптарына сәйкес, жаяу жүргіншілер үшін – мұздың қалыңдығы – 10 см, ал көліктермен (тек қана арнайы өткелдерден өту үшін) 25-30 болғанда ғана рұқсат етіледі.
Мұз үстінде болғанда:
1) жұқа және бекімеген мұз үстіне шығуға;
2) мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға;
3) мұздағы жырмаларға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға;
4) автомобильдермен арнайы жасақталған өткелдерден тыс жерге, яғни су айдындарына шығуға;
5) Мұз үстіне түнгі уақытта және дұрыс көрінбейтін кезде шығуға рұқсат етілмейді.