Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді.Сол себептен, қай жерде болмасаңыз да, уйде,жұмыста,далада,көлікте апат орын алған жағдайдағы өзіңіздің іс-әрекеттеріңізді алдын-ала жоспарлап қойғаныңыз абзал.Отбасы мүшелеріне осындай жағдайда не істеу керектігін және алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін үйретіңіз.Ең қажетті заттарды ,құжаттарды,ақша мен қолшамды қол астында ұстаңыз.Бірнеше тәулікке жететін ішуге арналған су мен консерваларды сақтаңыз.Қауіпті, улы,химиялық заттарды бөлек,шеттетілген жерде ұстаңыз.

Жанұяның ересек мүшелері пәтерді тоқсыздандыруды,магистральдік газды және су құбырын өшіре білу керек.

Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер

Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңіз бен іс-қимылыңызға 5-10 секунд қанауақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып-сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз.

Үйдің ішінде:

Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта орналасуына байланысты шешуге тиіссіз. Егер сіз көп қабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін естен шығармаңыз.

Сілкініс басталысымен үй ішіндегі қауіпсіз деген орындарға тез жетуге тырысыңыз. Ішкі қабырғаның қауіпсіз тұсында үйдің ішкі бұрышында, есік жақтауларының ортасында, тіреуіш ашалардың жанына тұрасыз (шкаф іші кереует). Терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз. – лифтті пайдаланбаңыз. – есіктен далаға шыққан уақытта жан таласып, бір- біріңізге кедергі жасамауға тырысыңыздар. – үйлерден электрбағаналардан аулақ тұрыңыз, электрсымына жақындамаңыз. – сілкініс кезінде үйге кірмеңіз.

Ең алдымен балаларға,қарттарға және мүгедек адамдарға қауіпсіз жерге жетуге немесе мүмкіндік болса далаға шығуға көмектесіңіз.Көпқабатты үйлердің берілген аймақтың сейсмологиялық деңгейін есепке ала отырып тұрғызылатындығын етсен шығармаңыз, сондықтан үрейге еркіндік беріп,сасқалақтамаңыз.