2021 жылдың 15-24. наурыз аралығында «Пробация» Республикалық профилактикалық іс-шарасы қарқынды өткізілуде

2021 жылдың 15-24. наурыз аралығында «Пробация» Республикалық профилактикалық іс-шарасы қарқынды өткізілуде

Кейде өмірде жаза басып, сәл нәрседен қателесіп, кейін бармақ тістеп, өкініп жататын жандар аз емес. Екі қолымен жасаған ісін мойнымен көтеріп жүрген азаматтарымыз да бар.

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарды бақылауға алып, олардың психологиялық түсінігін жақсартып, осы қоғамға бейімдеп, болашақта теріс жолға түспеуге үгіттеу – Тарбағатай аудандық №1 пробация қызметінің алдындағы мақсаттардың бірі.

Осыған орай 24.12.2020 жылғы ҚР ІІМ-нің №243 бұйрығымен бекітілген ҚР ІІМ-ң 2021 жылға арналған операциялық жоспарының 99-тармаған орындау үшін, сондай-ақ, пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын-алу бойынша полиция қызметкерлерімен өзара біріккен іс-қимыл жасау негізінде,

Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округіне қарасты, ШҚО бойынша ҚАЖД Тарбағатай ауданының №1 Пробация қызметі бөлімшесінің есебінде бүгінгі күнде, 26 қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталған тұлғалар тұрады. Осы сотталғандардың тарапынан қайталама қылмыстың алдын алу мақсатында Ақжар полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайын тексеріп, алдын-алу жұмыстары күшейтілуде.

Сонымен қатар, тұрғылықты мекен-жайын тексеру барысында, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан қандай да бір әкімшілік құқық бұзушылық немесе сотпен белгіленген міндеттерді бұзған жағдайда, пробация қызметі тарапынан сотталғандарға жаза қолданылатындығы, атап көрсеткенде, сотталғандардың қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларын, бас бостандығынан айыру жазасына немесе шартты сынақ мерзімінің ұзартылатындығы түсіндірілді. Қайталама қылмыстардың алдын алу мақсатында болған бұл іс-шара кезінде Тарбағатай ауданының №1 пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған тұлғалардың арасында Б есімді азаматтың мекен жайын тексеру кезінде үйінде болмағаны үшін, және уақытылы тәртібі жөнінде есеп беруге келмегені үшін А, есімді азаматша бас бостандығына шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру бойынша ескертіліп, бұған дейін соттың шығарған үкімі бойынша соттың міндеттерін төрт рет өрескел бұзған Қ есімді азаматқа қатысты бас бостандығына тағайындалған шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру негізінде, Тарбағатай аудандық №2 сотына іс-құжаттары жолданды. Сондай-ақ, алдағы уақытта сотталып есепте тұрған тұлғалардың қайталама қылмысқа жол бермеу мақсатында мұндай жұмыстар өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

ШҚО бойынша ҚАЖД

Тарбағатай аудандық №1 Пробация қызметі