Көктайғақ

Көктайғақ

Тарбагатай ауданык ТЖБ сіздерді қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырады.
- Көк тайғақ Бұл барлық адамдардың зардап шегетін бірінші себеп. Тас жол мұз айдынына айналғанда, жаяу жүрушінің басты ережесі-ыңғайлы аяқ киімді таңдау! Егер өкшесі бар аяқ киім кисеңіз, ыңғайлы болуы қажет.
- Құлап, ауырады ма? Егер құлау орын алса, ең бастысы-сабырлы болыңыз. Еш жеріңіздің ауырмағанына көз жеткізіңіз.​ Егер құлақта ауырсыну немесе шу сезсеңіз, көмекке шақыруға ұялмаңыз және жарақат пунктісіне барыңыз. Егерде сізді біреу көмекке шақырған кезде, ешқашанда бас тартпаңыз, сізде осындай жағдайға тап бола аласыз.
- Қыста аяз, бұл аксиома. Қалыптасқан пікірге қарамастан, үсік нөлге жақын температурада да болуы мүмкін. Ылғал ауа мен суық жел жеңіл аязбен дененің ашық бөлігіне елеулі зиян келтіруі мүмкін. Көбінесе мұрын, қол, құлақ зардап шегеді. Есте сақтаңыз: үсіген жерлеріңізді ыстық сумен жылытуға болмайды! Үсіген жерді қармен ысқылау теріңіздін жағдайдын нашарлатады. Қолды немесе аяқтарды сәл жылы суға салу керек. Дененің үсіген жеріне жылы сулы компресс салу керек. Егер сезімталдық жылынғаннан кейін 3 сағаттан артық қалпына келтірілмесе, ісінулер пайда болса дәрігерге жүгініңіз.
-Абайлаңыз мұздықтар! Көп қабатты үйлердің жанынан өтіп, қабырғалардың жанына жақын жүрмеуге тырысыңыз. Шатырлардан немесе ағаштардан қардың ерігенінен мұз пайда болады. Балаларға қарға секіруге рұқсат бермеңіз. Қар қабатының астында тастар, тұрмыстық қалдықтар, шұңқырлар, ашық құбырлар мен арматура жасырылуы мүмкін.
Су айдындары. Қыс мезгілінде өзен мен көлді айналып өту қажет. Мұзға жалғыз шығу қауіпті. Бірнеше минут қуаныш пен жүз пайыз сәттілікке сенімділік адам өміріне тұрмайды. Егер мұзға шығу амалсыз және сөзсіз болса, балаңызға мұз үстімен секіруге және жүгүруге болмайтынын түсіндіріңіз, бұл қыста су айдындарындағы қауіпсіздіктің басты ережелері. Мұз үстінде ойын өткізбеңіз, конькимен тек арнайы жабдықталған алаңдарда сырғанаңыз.