
Қыс қаһарына мініп, судың беті тоңдана бастады. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» деген даналықты ұстана отырып, осы тоңның қыңыр тосын мінез танытуынан қорғану амалдарын сіздерге ұсынғалы отырмыз. Есіңізде жүрсін және туыстарыңызға, достарыңызға айтып бөлісіңіз!
* Мұздың қаттылығын көзбен-ақ көріп байқауға болады: егер мұздың түсі көгілдір болса – берік, ақ болса – беріктігі 2 есе аз дегенді білдіреді. Ал егер мұздың түсі ақшыл сұр, күңгірттеу болса, бұл мұздың үстімен жүру тұрмақ, маңайына жоламағаныңыз абзалырақ.
* Мұз үстіне қас қарайған шақта және ауа-райы қолайсыз кезде (тұман, қар, жаңбыр) мүлдем шықпаңыз.