ҚҰРМЕТТІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ !

ҚҰРМЕТТІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ !

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын бірінші тоқсанның ішінде халықпен кездесулер өткізеді.

Алайда, қазіргі пандемия кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және  санитарлық-эпидемиологиялық  талаптарды сақтау мақсатында ауылдық округ әкімдері халыққа есеп беруді БАҚ-ы арқылы және онлайн форматында (округтер бойынша төмендегі №1 кестеде көрсетілген)  өткізетін болады.

Онлайн есеп берулерге «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ауылдық округ әкімдіктерінің парақшасының тікелей эфиріне  (сілтемелері төмендегі №1 кестеде көрсетілген)   қосылу арқылы  қатысуға болады.

Округ әкімдерінің есепті баяндамаларының тезисі аудандық «Тарбағатай» газеті,  аудан әкімінің ресми сайты (сілтемесі- https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tarbagatay?lang=kk), «Facebook» әлеуметтік желісіндегі әкімдіктердің парақшалары  (сілтемелері төмендегі №1 кестеде көрсетілген ) арқылы ұсынылатын болады.  

Ауыл әкімдерінің есебіне байланысты ұсыныстарыңыз бен сұрақтарыңызды, сын-ескертпелерді ауылдарда орналасқан (мекенжайлары төмендегі №1 кестеде көрсетілген) ұсыныстар мен ескертулер жинауға арналған  жәшіктер арқылы және «Facebook» әлеуметтік желісіндегі әкімдіктердің  парақшалары арқылы бере аласыздар.

Барлық түскен сұрақтарға жазбаша және онлайн (мүмкіндігінше) режимінде жауаптар қайтарылады.  (кері байланыс үшін контактілер төмендегі №1 кестеде көрсетілген )

Ауылдық округ әкімдерінің 2021 жылы халыққа есеп беру кестесі