ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ !

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ !

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын бірінші тоқсанның ішінде халықпен кездесулер өткізеді.

Алайда, қазіргі пандемия кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және  санитарлық-эпидемиологиялық  талаптарды сақтау мақсатында Тарбағатай ауданының әкімі Смаилов Асхат Сайдахметұлының 2021 жылы халық алдындағы есебі  БАҚ-ы (есепті баяндамасының тезисі аудандық «Тарбағатай» газетіне жарияланады),  аудан әкімінің ресми сайты (сілтемесі -https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tarbagatay?lang=kk), «Facebook» әлеуметтік желісіндегі «Тарбағатай ауданы әкімдігі» парақшасы (сілтемесі https://www.facebook.com/profile.php?id=100008109527797) арқылы ұсынылып отыр.  

Аудан әкімінің есебіне байланысты ұсыныстарыңыз бен сұрақтарыңызды, сын-ескертпелерді ауылдық округ орталықтарында орналасқан (мекенжайлары аудандық «Тарбағатай» газетіне жарияланады) ұсыныстар мен ескертулер жинауға арналған    жәшіктер, «Facebook»  әлеуметтік желісіндегі «Тарбағатай ауданы әкімдігі» (сілтемесі https://www.facebook.com/profile.php?id=100008109527797) парақшасы және «Telegram» әлеуметтік желісіндегі «Telegram-bot» (сілтемесі TarbagatayEsep_bot)  арқылы бере аласыздар.

Барлық түскен сұрақтарға жазбаша және онлайн (мүмкіндігінше) режимінде жауаптар қайтарылады. (Кері байланыс үшін мына контактілер 2-22-29, 87754579661 ұсынылады)

Аудан әкімінің қорытынды есеп беруі 2021 жылдың 10 ақпанында «Тарбағатай адалдық алаңы» ашық әкімдігінде онлайн форматында өткізілетін болады. Онлайн есеп беруге «Facebook» әлеуметтік желісіндегі «Тарбағатай ауданы әкімдігі» парақшасының тікелей эфиріне  (сілтемесі https://www.facebook.com/profile.php?id=100008109527797)  қосылу арқылы  қатысуға болады.

Тарбағатай ауданының әкімі А.Смаиловтың халыққа қорытынды есеп беру кездесуінің кестесі

Аудан әкімінің 2021 жылы халық алдында есеп беруіне байланысты сұрақтар мен ұсыныстарға, ескертулер мен пікірлерге арналған жәшіктердің орналасуы