Мемлекеттік қызмет көрсетудің басымдықтары

Мемлекеттік қызмет көрсетудің басымдықтары

Мемлекеттік қызмет көрсетудің басымдықтары

 

«Өсімдіктер карантині туралы» Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгiлейдi.

 Қазақстан Республикасы аумағында карантиндік тауарлар тасымалына карантиндік сертификат және Қазақстан Республикасы аумағынан тыс аймақтарға карантиндік өнімдерге фитосанитарлық сертификаттар беру-  өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Жұмыстың тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, қызмет көрсетуші мен қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелерін толықтай орындау, сыбайлас жемқорлық қауптілігін азайтады,   бұл инспекция жұмысының басты басымдылығы болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен ережелеріне сәйкес, сертификаттар ақысыз беріледі.

Тарбағатай  ААИ мекемесі тарапынан жемқорлық құқық бұзушылықтар анықтаған жағдайда, ауданының азаматтары 2-14-05 сенім телефоны бойынша хабарлай алады.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, қолайлылық жасау және жемқорлық қаупін азайту мақсатында фитосанитариялық, карантиндік сертификаттар алу электронды түрде «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы  немесе аумақтық уәкілетті орган  арқылы беріледі.

Мемлекеттік қызмет алу үшін қызмет алушы (немесе оның өкілі) өтінішінде: Қызмет көрсетушіге:

  1. Форма бойынша өтініш
  2. Жеке басын куәландыратын құжат, өкілінің куәландыратын құжат

Өтініште карантиндік өнімнің атауы, тасымал мекен жайы көрсетіледі

Карантиндік өнімнің тасымал мекен жайын өзгерту, карантиндік өнімнің тасымал барысында тұрған жергілікті аумақтық бөлімнің рұқсатымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының карантиндік аймағынан шығып кеткен карантиндік өнімдердің тасымал мекен жайын ауыстыру тыйым салынады.

Кіргізілген карантиндік өнім, баратын жерінде екінші мәрте тексеріске жатады.

Карантиндік сертификат беру, құжаттар тізімін қызмет көрсетушіге  өткізген уақыттан басталады және де порталға өтініш білдірген жағдайда  1(бір) жұмыс күні барысында беріледі.

Фитосанитариялық сертификат беру, құжаттар тізімін қызмет көрсетушіге  өткізген уақыттан басталады және де порталға өтініш білдірген жағдайда  3(үш) жұмыс күні барысында беріледі.

Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру, сағат 9.00- ден - 17.30 –ға  дейін жүзеге асырылады. 13.00 -ден - 14-30 –ге  дейін тускі үзіліс.

 

Карантиндік өнімдерді кіргізу немесе шығару сұрақтары бойынша Тарбағатай ААИ-на,  Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы Амангелді көшесі      №1 үй тел. 8(72341)2-14-05  немесе  облыстық өсімдіктер карантині және фитосанитарлық бақылау бекеттері мемлекеттік инспекция бөліміне,  Өскемен қаласы  Крылова көш 40  каб 201 тел: 8(7232)25-90-51  мекен  жайларына хабарласуларыңыз сұралады.

 

 

ҚР АШМ АӨК МИК Тарбағатай аудандық

аумақтық инспекциясының басшысы                                    Қ. А. Жорғатаев