Әдеп, жауапкершілік және әлеуметтік желідегі мәдениет

Әдеп, жауапкершілік және әлеуметтік желідегі мәдениет

Бүгін Тарбағатай ауданы әкімінің аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ермек Құрманғалиев ауылдық округ әкімдері мен және бас мамандарымен кездесу өткізді.
Кездесуде мемлекеттік қызметшілер үшін маңызды бірқатар мәселелерге назар аударылды.
🔹 Әдеп кодексі – мемлекеттік қызметшінің кәсіби мәдениеті мен мінез-құлқының негізгі өлшемдерінің бірі. Қызметтік әдепті сақтау, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстану, мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелері талқыланды.
🔹 Лудоманияның алдын алу – құмар ойындарға тәуелділіктің жеке адамға, отбасына және қызметтік беделге тигізетін кері әсері түсіндірілді. Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен қаржылық сауаттылығын арттыру қажеттігі айтылды.
🔹 Цифрлық мәдениет – әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде мемлекеттік қызметшілердіңж жауапкершілігіне, ақпаратты сауатты әрі шынайы таратуға, жария коммуникация мәдениетін сақтауға баса мән берілді.
🔹 Ұжымдағы ахуал – әріптестер арасында өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыру, қызметтік қарым-қатынастың мәдениетін арттыру және қолайлы моральдық-психологиялық орта қалыптастыру мәселелері қозғалды.
Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерге заң талаптары мен Әдеп кодексі нормаларын сақтау – әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсіби әрі азаматтық жауапкершілігі екенін атап өтті.