ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Таза Қазақстан» акциясы аясында Тарбағатай ауданында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында «Үздік ауыл», «Үздік мекеме», «Үздік аула», «Үздік көше» конкурстары өтеді.
Конкурс келесі номинациялар бойынша ұйымдастырылады:
🔹 «Үздік ауыл»
🔹 «Үздік мекеме» (мектеп, балабақша, мәдениет үйі және т.б.)
🔹 «Үздік аула»
🔹 «Үздік көше»
Байқауға ауыл әкімдіктері, мекемелер, ұйымдар, жеке кәсіпкерлер мен тұрғындар қатыса алады.
 Қатысу үшін:
фото және (мүмкін болса) бейнематериалдар, қысқаша сипаттама, мекенжай және байланыс мәліметтерін tarb-ovp@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 1 маусымына дейін
Ұсынылған материалдар арнайы комиссия тарапынан бағаланып, үздіктер анықталады.
Жеңімпаздар қаржылай сыйақымен, материалдық қолдаумен және дипломдармен марапатталады.
Баршаңызды ауданның көркеюіне үлес қосуға және белсенді қатысуға шақырамыз!