Мемлекеттік мүлікті пайдалану тәртібі.

Мемлекеттік мүлікті пайдалану тәртібі.
 
Бүгін 04 ақпан 2026 жылы Тарбағатай ауданы әкімі аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Ермек Құрманғалиев ауылдық округ әкімдерімен, дербес бөлімдер, мекеме басшыларымен "Мемлекеттік мүлікті пайдалану тәртібі" тақырыбында жиналыс өткізді.
​Заңдылықты қамтамасыз ету, қызметтік тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдардың қызметтік автокөлігі мен өзге де қызметтік мүлкі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік (лауазымдық) міндеттерін орындау үшін ғана арналғанын түсіндірді.
​Қызметтік автокөлікті және өзге де мемлекеттік мүлікті жеке, тұрмыстық немесе қызметтік міндеттерді орындауға қатысы жоқ басқа мақсаттарда пайдалануға қатаң түрде жол берілмейді. Атап айтқанда:
​Қызметтік автокөліктерді жеке сапарларға пайдалануға;
​Отбасы мүшелерін, таныстарды және үшінші тұлғаларды тасымалдауға;
​Көлік құралдары мен өзге де мүлікті бөгде адамдарға уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады.
​Әрбір мемлекеттік қызметші өзіне сеніп тапсырылған мүліктің сақталуына, техникалық жағдайына және оның нысаналы пайдаланылуына дербес жауапты. Белгіленген талаптарды бұзу тәртіптік теріс қылық ретінде қарастырылады және заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
​Қызметтік автокөлікті ұқыпты пайдалану — мемлекеттік қызметтегі адалдық пен ашықтық мәдениетінің маңызды элементі. Бұл халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға және мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға ықпал етеді.
​Осыған байланысты, мемлекеттік қызметшілерді заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауға және мемлекеттік мүлікке ұқыпты қараудың жеке үлгісін көрсетуге шақырды.