
Қыстың көзі қырауда жазатайым сүрініп кетіп, құлап, жарақат алғандардың саны артып кетеді. Осы мезгілде түнгі аяз жердің бетін қатырып, кеше ғана жүріп өткен жолымыз айнадай жарқырап, көктайғаққа айналады.
Мұндайда ғимараттардың алдындағы тепкішектерден алаңсыз адымдау да қатерлі. Жерасты жолдарының тепкішектері аязды күні мұз құрсанып қалса, ол да жаман. Жүргіншілердің табанымен тапталып, көк мұзға айналған аялдама алдында көлікке ілігем деп ұмтылып, оңбай құлап жатқанды да көрдік.
Ал, тежегішін игере алмай, бүрсіз доңғалақтың кесірінен апатқа ұшырап жатқан көліктер өз алдына сақтансаң сақтайды біздікі ескерту Тарбағатай ауданы ТЖБ