Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздіа шаралары.

Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздіа шаралары.

 

Жеке тұрғын үйлерде өртті болдырмау мақсатында, өрт қауіпсіздігін сақтау, өрттің тілсіз жау екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Кыс мезгілінде өрт болмайды деп ойлайтындар қателеседі. Қыс мезгілінде жеке тұрғын үйлерде ережеге сай салынбаған жылу пештерінің ақаулығынан өрт оқиғалары мен көмірқышқылгазымен уланып қалатын азаматтар кездесіп жатады. Қазір қыс айы келе жатыр. Дұрыс күтім жасалмаған, сондай – ақ дұрыс салынбаған жылу пештері талай азаматтарды сан соқтырып жүр. Негізінен ереже бойынша пештің түтін жолдары 3 айда бір рет ыстан тазартылып отыру қажет. Пештің түтін жолдары үйдің негізгі құрылысынан дербес орналастырылады. Үйдің қабырғасы және жабуы қималарындағы жанбалы құрылыс материалдарымен түтін жолы аралығында бос аралық (противопожарная разделка) кесекпен қаланған көлемі 38 сантиметр, отқа қарсы төзімділік құраммен өңделген қорғағыш пайдаланғанда 25 сантиметрге дейін бос аралық қалдырылуы тиіс.  Жылу пешінің алдындағы еденге көлемі 50х70 сантиметр қаңылтыр қағылады. Жылу пешін еденнің бетіне орнатуға болмайды. Уақытша қолдан жасалған темір пештерін орнатқан жағдайда, темір пештерінің аяқтарының биіктігі 0,2 метрден кем болмауы тиіс, еденнің бетіне бір қатар кесек өріліп, батпақпен сыланып темір пеш орнатылады. Ағаш конструкцияларынан және ағаш жићаздардан 1 метр қашықтықта, беті сыланған қабырғалардан 0,7 м қашықтықта орнатылуы тиіс.  Пеш дұрыс жанбаған, немесе жан – жағынан жалын шашқан жағдайда тездетіп арнайы маманға көрсетіп алған дұрыс. Өрт тілсіз жау. Аяқ астынан шыққан өрт зардабы, орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасауы керек.