25 желтоқсан күні жастар форумы өтті

25 желтоқсан күні  жастар форумы өтті

25 желтоқсан күні аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар форумы өтті. Іс-шара жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, олардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін қолдауға бағытталды.

Форум аясында «Үздік жас», «Үздік маман», «Үздік жас дәрігер» және өзге де номинациялар бойынша үздік деп танылған жастар марапатталып, еңбектері мен жетістіктері лайықты бағаланды.

Шара одан әрі көңілді әрі тартысты куиз ойынымен жалғасын тапты. Білім мен тапқырлық сынға түскен сайысқа барлығы 20 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Куиз нәтижелері:
🥇 1 орын — «ТҚШ» командасы
🥈 2 орын — «Лицей Mix»
🥉 3 орын — «Теріс айрық»
⭐ 7 орын — «Аралас» командасы

Барлық қатысушыларға белсенділігі, ұйымшылдығы мен жеңіске деген жігері үшін алғыс білдіреміз.
Жастар — елдің ертеңі, ұлттың тірегі!