Тарбағатай аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өткізілді

Тарбағатай аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өткізілді
2025 жылғы 23 желтоқсан күні Тарбағатай аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өткізілді.
Сессияда аудандық мәслихат төрағасы Өмірхан Әйкенұлы төрағалық етті.
Сессия жұмысына аудан әкімі Дархан Шомпайұлы, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары Ержан Советбекұлы, Марат Ниғыметоллаұлы, аудан әкімі аппаратының басшысы Ермек Төлеуханұлы, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде 12 мәселе қаралды. Атап айтсақ, оның ішінде 8 мәселе тарбағатай ауданының сегіз ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы болды. Қалған мәселелер Тарбағатай аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау, Тұғыл ауылдық округі Байтоғас ауылының шекарасын белгілеу, Тұғыл ауылдық округі Тұғыл ауылының шекарасын белгілеу, «Жер комиссиясын құру туралы» қаулыға өзгерістер енгізу туралы болды.
Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер толықтай қаралып, Тарбағатай ауданындағы ауылдық округтердің 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасы бекітілді.
Сессия тікелей эфирде өтті. Төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар: