
19 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында қалалар мен аудандардың мәдени күндерінің салтанатты гала-концерті жоғары деңгейде қорытындыланды.
Өнер мен руханиятты ұлықтаған ауқымды жоба нәтижесінде Тарбағатай ауданы І орынды иеленіп, 10 миллион теңге көлеміндегі жүлдеге қол жеткізді. Бұл — аудан өнерпаздарының тынымсыз еңбегінің, шығармашылық әлеуетінің және туған жерге деген шынайы сүйіспеншілігінің айқын көрінісі.
Сондай-ақ,ІІ орын — Ұлан ауданына (7 млн теңге),ІІІ орын — Марқакөл ауданына (5 млн теңге) бұйырды.Ал Бас жүлдені Күршім ауданы жеңіп алып, 15 миллион теңге көлеміндегі марапатқа ие болды.
Осы жобаға белсене атсалысқан барлық өнерпаздарға, ұйымдастырушыларға және сала қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтамыз.