
Электрондық апостиль – заманауи заңдастыру тәсілі
Апостиль- бұл басқа елдегі кез келген ресми құжаттың түпнұсқалығын растайтын арнайы мөр. Бұл туу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, неке бұзу туралы куәлік, жоғары білім туралы диплом, мұрағаттан алынған көшірмелер және тағы басқа құжаттарды заңдастыру.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзгеде мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызметі автоматтандырылған. «Е-Апостиль» Сервистік бағдарламалық өнімін әзірлеу мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес процесі оңтайландырылған. Осы ақпараттық жүйе шеңберінде электрондық апостиль алуға өтініштерді қабылдау, электрондық өтініштерді өңдеу және электрондық апостильді қалыптастыру электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұл өтініш берушілерге Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде онлайн режимінде жүгінуге мүмкіндік береді.
Электрондық апостиль қоюдың басты артықшылығы- апостиль қызметтеріне қол жеткізуді жеңілдету, алаяқтықтан қорғауды арттыру, құзыретті органдардың жүктемесін азайту, құжаттарды жоғалту қаупін азайту, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету болып табылады.
Осылайша, электрондық апостиль-апостильды беру,жазу және тексеру үшін жылдам, қауіпсіз және қағазсыз процедураны енгізеді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігінің консулдық қызметінің ақпаратына сәйкес қазіргі уақытта Гаага Конвенциясына қатысушы елдер: Андора, Аргентина,Армения, Австралия, Австрия, Әзірбайжан, Бахрейн, Бельгия, Бангладеш, Боливия, Бразилия, Болгария, Чили, Қытай, Колумбия, Коста-Рика, Дания, Доминикан Республикасы,Эквадор, Сальвадор, Эстония, Грузия,Греция, Гватемала, Үндістан, Индонезия, Ирландия, Израиль, Қазақстан, Канада, Корея, Косово Республикасы, Марокко Жаңа Зеландия, Никарагуа, Панама, Парагвай, Пәкістан, Перу,Филиппин, Ресей, Румыния, Сент-Китс және Невис, Сингапур, Словения, Испания, Тәжікстан,Түркия, Украина,Ұлыбритания, АҚШ,Уругвай, Өзбекстан, Венесуеэла, Франция.
Онлайн қызметті алу үшін қажет:
1.Порталда авторизациялау және «онлайн қызметке тапсыру беру» батырмасы бойынша өту.
2.Электрондық сұраным өрістерін толтыру және апостиль қойылған құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу;
3.Электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе смс-парольдің көмегімен сұрау салуға қол қою.(мобильді азаматтар базасына тіркелу міндетті)
4.Жеке кабинетте қызметтерді алу тарихы бөлімінде «Апостиль» электрондық мөртабанын алу.
Электрондық апостиль- заманауи технологияның заң саласына енгізілген тиімді шешімі. Ол азаматтарға халықаралық қатынастарда ыңғайлы, жылдам әрі қауіпсіз құжат айналымын қамтамасыз етеді. Мысалы: шетелдік оқу орындарына құжат тапсыруда, жұмысқа ораналасуда немесе жеке істерін рәсімдеуде үлкен жеңілдік береді. Бұл-цифрлық мемлекетке қадам басқан Қазақстан үшін маңызды жаңашылдардың бірі.
Тарбағатай аудандық АХАТ бөлімі