Аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Тарбағатай аудандық филиалының төрағасы Асхат Сайдахметұлы еліміз бойынша жалпыұлттық деңгейде тұңғыш рет өткен партияның сайлауалды іріктеуіне белсенді атсалысқан жерлестерімізді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлының Алғыс хатымен марапаттады.
Салтанатты шарада аудан әкімі Праймеризге қатысу арқылы бастамашылдық пен азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсеткендерге алғысын білдірді.