Хабарландыру
Әсер ету скринингін қарау туралы
Хабарландыру
Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің қамту саласын қарау туралы
Хабарландыру
Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қарау туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 56-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті:
- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақмектеп ауылын Әзірлеу және салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы)»
-«Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Бозша ауылын Әзірлеу және салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы)»
- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңалық ауылын Әзірлеу және салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы)»
- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылын Әзірлеу және салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы)»
- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құйған ауылын Әзірлеу және салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы)» жобасына СЭБ жөніндегі есеп.
- Бас жоспарын әзірлеу жобасы;
- Жобаның графикалық альбомы.
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «LION`S GROUP» ЖШС.
СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: «Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
СЭБ әзірлеуге жауапты: «Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
4) сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2025-2045 ж.ж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 16 наурызына дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 16 наурыз).
Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
Экологиялық саясат департаменті
Тел. 8 (7172) 74-08-90, 74-02-83
e-mail: n.kunanbaeva@ecogeo.gov.kz, b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ектронды мекен-жайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекен-жайы: k.kense@ecogeo.gov.kz.
Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7/7172/74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.
СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:
Министрліктің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі) https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/activities/directions?lang=ru.
Тарбағатай ауданының әкімдігі сайтында.