2024 жылдың басына Тарбағатай ауданындағы халық саны туралы
2024 жылдың басында Тарбағатай ауданының халқы -19004 адамды құрады, сәйкесінше былтырғы жылмен салыстырғанда- 1,7% кем. Ер адамдар-9931 кісі, жалпы адамдар санының-52% құраса, 9073- әйел адамдар, олар жалпы санының – 48% құрады. Ауданда 18760- қазақ, 145-орыс,2-неміс, 37-татар, 8-украиндер, 19- ұйғыр және тағы басқа ұлттар тұрады.
Әдіснамалық түсініктемелер
Халық саны-қазіргі уақытта осы аумақта тұратын адамдардың саны. Жыл басындағы ағымдағы бағалар соңғы санақтың қорытындылары негізінде есептеледі, оған жыл сайын осы аумаққа туғандар мен тұрақты тұруға келгендердің саны қосылады және осы аумақтан қайтыс болғандар мен тұрақты тұруға кеткендердің саны шегеріледі. Өткен жылдардағы халық санының ағымдағы бағалары кезекті санақ қорытындылары негізінде нақтыланады.
shygys.stat.gov.kz / Ресми статистика
Орындаушы: А.Е. Умарова Тел. +7 7770635747 |
Тарбағатай ауданының статистика басқармасының басшысы: А.Е. Умарова Тел. +7 7770635747 |
Мекенжай: 071501, Ақжар ауылы Рысқұлов көшесі, 69 |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті