Жаңаауыл ауылдық округіне жаңа әкім сайланды

Жаңаауыл ауылдық округіне жаңа әкім сайланды

Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі:
«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңы 14-бабының 9- тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2023 жылғы «3» желтоқсанда болған әкім сайлауының Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округінің қорытындылары туралы сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы шешімен Сахиолдина Сауле Кокенқызы Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Сахиолдина Сауле Кокенқызы. 1966 жылы 2 тамызда туған. ШҚО Тарбағатай ауданы «Жаңаауыл ауылдық округінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман есепшісі болып қызмет атқарған.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Қызов Марат Ниғыметоллаұлы Сауле Кокенқызын жаңа қызметімен құттықтап, сәттілік тіледі!