17 ақпан күні Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты Ақметбұлақ ауылында аудандық әжелер куизі болып өтті.

17 ақпан күні Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты Ақметбұлақ ауылында аудандық әжелер куизі болып өтті.
17 ақпан күні Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты шекара түбіндегі Ақметбұлақ ауылында осымен екінші рет КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, профессор, даңқты мұғалім Қанипа Бітібаеваның кубогы үшін аудандық әжелер куизі болып өтті.
Зейнет жасындағы адамдардың қоғамдық белсенділігін арттыру, қоғамда әжелер институтының үлгілерін қалыптастыру, ұлттық құндылықтар жүйесі, ел тарихы,салт дәстүрлерімізбен ырым жоралғыларды, халықтық қасиетімізді қадірлей білуге тәрбиелейтін зияткерлік интелектуалдық сайысқа 10 команда /95 адам/ қатысты. Ойынның кубогы иен Гран При сыйлығын /50000 тенге/ Жаңаталап ауылының «Әйгерім» әжелер тобы, 1 орынды Құйған ауылының «Айша Бибі» әжелер тобы, 2 орынды Жаңауыл ауылдық округінің «Зере» әжелер тобы, 3 орын Ақметбұлақ ауылының «Мақта ана» командасы жеңіп алды. Қалған әжелер топтарына ұйымдасытрушылар атынан арнайы сыйлықтар тапсырылды.
Аталған іс шараның ұйымшылдықпен өтуіне Ақметбұлақ ауылының шаруа қожалықтары, жекелеген азаматтар атсалысты. Куиз ойының жүлделеріне облыстық мәслихат депутаты Б.Нұрпейісов, «Ақжар мәдениет үйі», Жаңаауыл ауылдық округінің әкімшілігі, Д.Қонаев атындағы орта мектептің ұжымы демеушілік жасады. Қ.Бітібаева атындағы куиз келесі кезекте кубокты ұтып алған Жаңаталап ауылында Ұлттық Наурыз мерекесі қарсаңында жаңа форматта ұлттық сипаттағы мерекелік шара ретінде өткізілетін болады