Шаңырақ күні

Шаңырақ күні

Құйған ауылдық округінде
он күндік Наурыз мерекесінің "Шаңырақ күніне" арналған шараның бір бөлігі ретінде, Алтын шаңыраққа ие болған 50 жыл бір шаңырақта бірге тұрып жатқан Даутбаевтар отбасы және Жамбыл ауылының 25-жыл болған Куміс отбасы Нұрғазиндер шаңырағына барып, әкімшілік атынан құттықтау көрсетіліп, баталарын алып қайтты.
Бұл күн дәстүрге құрмет пен ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтудың жарқын символына айналды.
Берекелі отбасы еңбекке, жауапкершілікке, дәстүрді құрметтеуге негізделген, демек, оны нығайтуда Еңбек адамы басты рөл атқарады. Адал еңбек иесі отбасы берекесін арттыруға, қоғамның дамуына күш салады.
Отбасына, айналасына жауапкершілікпен қарау – салт-дәстүрді сақтаудың, үлкенді сыйлаудың, кішіге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінетін Адал азаматқа тән қасиет. Адалдық, әділдік, өзара көмек және Заңды құрметтеу сияқты басты адамгершілік принциптері отбасыда қалыптасады. Ендеше, «шаңырақ» – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан, қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін символ.
Шаңырақ – тек отбасы емес, сонымен бірге ашықтық, қонақжайлылық пен ешкімді алаламау ұғымы. Қазақтың дәстүрінде үйге келген адам – құтты қонақ, оны жылы қабақпен қарсы алу – міндет. Бұл өзара сыйластық, ынтымақтастық және адамға жанашырлықты бойына сіңірген қазақстандық қоғамның философиясын көрсетеді.