Амал мерекесі – көрісу күні

Амал мерекесі – көрісу күні

Амал мерекесі – көрісу күні
14 наурыз - қазақ халқы шін ерекше күндердің бірі.Бұл күнді халық Көрісу күні немесе Амал мерекесі деп атап, өкпе ренішті кешіріп, арадағы араздықты ұмытады. Құйған ауылы да мейрамды ерекше көңіл күймен қарсы алды. Ауыл тұрғындары бір –біріне ақжарма тілектерін айтып, үлкендер батасын береді. Көрісу күні – тек амандасып, құттықтау ғана емес , сонымен қатар ұлттық дәстүрлерді жандандыратын , ағайын арасын жақындастыратын қасиетті күн.