
Құйған ауылдық округінің әкімі Дайранов Бекбол Бақытбекұлы қоғамдастық мүшелері мен ақсақалдар алқасының алдында атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы кезеңге жоспарланған негізгі міндеттер мен жобаларды таныстырды.
Есеп беру барысында ауылдық округте әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстар, инфрақұрылымды жақсарту, жол жөндеу, көше жарығын орнату, абаттандыру және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар кеңінен қамтылды.
Сонымен қатар, округ әкімі алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоспарларға тоқталып, ауылішілік жолдарды кезең-кезеңімен жөндеу, көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру, қоғамдық тәртіпті нығайту, жастарды қолдау және әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсарту басты назарда болатынын атап өтті.
Кездесу соңында ақсақалдар алқасының мүшелері өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ауылдың дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді ортаға салды. Округ әкімі көтерілген ұсыныстар назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.