Құйғанда жаңа футбол алаңы ашылды! Тарбағатай ауданында бұқаралық спортты дамыту бағытындағы игі істер жалғасуда. Бүгін Құйған ауылында заманауи талаптарға сай жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді!Ашылу салтанатына облыстық мәслихат депутаты Болат Нұрпейісов пен аудан әкімі аппаратының басшысы Ермек Құрманғалиев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Жаңа нысан ауыл жастары мен спорт сүйер қауым үшін тамаша тарту болды.Бұл – ауданымызда бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау жолындағы нақты қадам. Бүгінде Тарбағатай ауданы бойынша барлық ауылдар ойын және футбол алаңдарымен толық қамтамасыз етілді. Жаңа алаң – болашақ чемпиондардың алғашқы қадамы болсын! Ауыл жастары биік белестерді бағындырып, ел намысын қорғайтын спортшыларға айналсын!