Тәуке ауылында жаңа мектеп ашылды.

Тәуке ауылында жаңа мектеп ашылды.

Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылдық округіне қарасты Тәуке ауылында су жаңа мектептің лентасы қиылды.
Қалың жұрт жиылып, ата-ана сүйсінді.
Аудан басшысы Жоргекбаев Дархан Шомпайұлының тапсырмасы негізінде қолға алынған бұл құрылыстың тағаны тез құйылып, қабырғасы жылдам бой көтерді.
Мамыр айында  алғашқы қазығы қағылған мектеп құрылысы қараша айында толықтай аяқталды.
Аталған білім ордасы 1969 жылы салынған ғимарат өзінің қаншама түлектерімен мақтанады. Бүгінде салынған мектеп құрылысы жаңа заман талабына сай жабдықталып әр кабинет өз ерекшелігіне қарай жасалған. Мектептің ашылу салтанатына Облыстық білім басқармасының басшысы Чернышёва Инесса Александровна және Тарбағатай ауданы әкімі Жөргекбаев Дархан Шомпайұлы, жан-жақтан келген мектеп түлектері, қадірлі қонақтар ауыл адамдары арнайы келіп ақ жарма тілектерін арнап,шашу шашып бүгінгі қуанышты арнайы құттықтап келді.