«Салауатты өмір салты» эстафеталық спорттық ойын сайысы өтті.

«Салауатты өмір салты» эстафеталық спорттық ойын  сайысы өтті.

«Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр»
Денсаулық-баға жетпейтін байлық  адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет. Бүгінгі өткен «Салауатты өмір салты» атты эстафеталық сайыста жан - жақты тәрбиемен сусындатып салауатты өмір салтын баулуда қолдан қамқорлықты аямай өзінің мол тәжірибиесімен, іскерлігімен ұжымымызды көңілді өткізуге ат салысқан дене шынықтыру пән мұғалімі Мұсаханов Алмасқа алғысымды білдіремін.
Бүгінгі эстафеталық жарысымызға қатысқан топтар
1. «Денсаулық» тобы
2. «Тазалық» тобы
Ойынға қатысқан топтар кезектесіп таныстырды.
(Әр топ өздерін ұрандарымен таныстырады)
1. «Денсаулық» тобы.
Ұраны: Басты байлық денсаулық, бабам айтқан даналық 2. «Тазалық» тобы.
Ұраны: Салауаттық сергекте,таза жүру
2 кезең. «Кім жүйрік» сайысы.
Шарты: Қаптың ішіне кіріп қос аяқпен секірді.
3 . кезең. «Кенгуру» сайысы.
Шарты: Белгіленген жерге дейін отырып кедергілер арқылы жүріп барып, қайтарда секіртпемен қос аяқтап секіріп келді
4- кезең Арқан тарту спорттық ойыны ұйымдастырылды.
Мәңгілік елдің тұтқасын ұстар ұрпақ тәрбиелеудегі отбасының рөлі қашанда жоғары. Ендеше салауатты өмір салтын ұстанатын, ұлттық құндылықтары мен ұлттық дәстүрін сақтаған бүгінгі сайысқа қатысушы командаларға үлкен алғыс айтамыз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.
Қабанбай ауылдық округінің әкімі Малгаждаров Сәкен Әнуарбекұлы алғыс хатпен және кубокпен өз алғысын жеткізді.