Адал табысын тауып,халық игілігі жолында сүбелі үлес қосып келе жатқан ауылымыздың наубаййханасы. Адилова Бибігүл "Ауыл аманаты" бағдарламасы жобасы аясында несие алып, наубайханасын жандандырып кәсібін дөнгелетуде.Наубайханада 8 адам екі ауысыммен жұмыс жасайды. Сұраныста аз емес. Қабанбай ауылдық нан өнімдерін дүкендерге таратуда. "Кәсібіне қарай - нәсібі" демекші ауылымызда кәсіп көзін тауып, шағын бизнесін дөңгелетіп отырғандар саны күннен күнге артып келеді. Адилова Бибігүл Қабанба аулдық округі тұрғындарын он жеті жыл бойы нан және нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.Шағын кәсіпті сәтті жүргізу үшін күнделікті тынбай еңбектену қажет.Бұған қоса, үнемі ізденіс үстінде жүріп білім алып, кәсіби денгейін арттыруға ұмтылмаса барлығы зая кетеді.Бастысы "Адамды көркейтетін - еңбек" дегенді естен шығарған емеспін.Аянбай еңбек етіп келемін.Тұрмысым да берекелі. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын кәсіпкерге, ауыл тұрғындары да ризашылығын білдіруде. Иә, көп еңбек еткенге бақытта баснын иеді.
https://www.facebook.com/share/gMJCqexbQ3jNuarK/?mibextid=oFDknk