Ақжар ауылдық округі Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында Тарбағатай жоталары мен Зайсан қазан шұңқырының арасында орналасқан. Округ солтүстігінде Қабанбай ауылдық округімен, шығысында Маңырақ ауылдық округімен, оңтүстігінде Жетіарал, Құйған ауылдық округтерімен шектеседі.
Халық саны (01.09.2017ж. көрсеткіш бойынша), Этникалық құрамы.
Ауылдық округ 4 елді мекеннен тұрады. Ақжар, Жаңалық, Жаңатілеу,Сағындық елді мекендері . Округте 1674 отбасы немесе 7443 адам тұрады.Округ халқының этникалық құрамы 99,37 % қазақтар.
Халықтың негізгі кәсібі– мал шаруашылығы, жыл сайын мал басы мен оның өнімдерін өндіру ұлғайып келеді. Округ қой мен ірі қараның саны бойынша ауданда жетекші орында тұр. 227 шаруа қожалығының иелігінде 1949 га егістік, 1641 га шабындық, 20901 га жайылымдық, жиыны 24490 га ауыл шаруашылық жерлері бар.
Округте 81 сауда дүкені, 4 АЗС, 2 дүңкіршек, 7 наубайхана, 2 ашықбазар, 3 жабық базар, 8 дәмхана, 1 асхана, 6 дәріхана, 1 мунипицалды дәріхана, 1 қонақ үйі, 3 шаштараз, 2 суретке түсіру, 2 аяқ киім жөндеу, 1 тігін цехы, 1 пима басу, 1 теледидар жөндеу, 2 компьютер сервисі, 1 диірмен халыққа қызмет көрсетеді.
Мал шаруашылығын дамытуда“Алтай мериносы” бағытында асыл тұқымдықойларын әкелу жұмыстары ұйымдастырылуда. Және де 1 су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативі құрылған. 01.09.2017 жылғы көрсеткішке сәйкес ірі қара - 7957, қой ешкі-18271, жылқылар- 545, құс саны-3164.
Ұйымның заңды мекежайы 071501, ШҚО, Тарбағатай ауданы, Акжар ауылы
Кеңсе телефоны +7(72344)21160
Email akzhar.c.okrug@mail.ru
Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған