Дүниежүзілік құстарды қорғау күніне арналған пресс-релиз

Дүниежүзілік құстарды қорғау күніне арналған пресс-релиз

Дүниежүзілік құстарды қорғау күніне арналған пресс-релиз

 

Шығыс Қазақстан облысының аумағы биологиялық ресурстардың алуан түрлілігімен сипатталады.

Осыған байланысты өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылады.

ДүниежүзілікқұстаркүніаясындаШҚО табиғиресурстаржәнетабиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Орманшаруашылығы»мекемелері ведомстволық бағыныстыаумақтардакемінде1000дана суда жүзетін құстар үшін жасанды ұя, орман құсы үшін жем аланқайларын, торғайларға арналған қуыс ұяшықтарын, қиыршық тас дайындаудыжоспарлап отыр.

Аталған іс-шаралар оқушылардың, студенттердің, еріктілердің, қоғамдық ұйымдардың міндетті қатысуымен өткізілетін болады.

Бұдан басқа, жақын орналасқан «Өскемен орман шаруашылығы» КММ аумағында осы іс-шараны теледидардан жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлескен шығулар ұйымдастырылады.

Мерекені өткізудің мақсаты-бүгінгі жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Бұл іс-шараларға барлық табиғатты қорғау мекемелері мен қоғамдық ұйымдар қатысуы керек, өйткені биоресурстарға ұқыпты қарау экожүйеге ғана емес, жас ұрпақты тәрбиелеуге де пайда әкеледі.

Өткізу орны мен уақыты: 2025 жылғы 31 наурыз, жиын сағ.12-00 Глубокое ауданы, Бобровка ауылы, Бобровское орманшылығының қасында.

Қатысушылар: Глубокое ауданы, Бобровка ауылының А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп оқушылары, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің оқу зерттеу «Экобиоорталық» КҚМК, «Өскемен орман шаруашылығы» КММ.

Байланыс телефоны: 8-747-929-76-34 Куликова Елена Николаевна-  «Экобиоорталық» өкілі.