ҚР экологиялық кодексі негізінде (2021 жылдың 1 шілдесінде күшіне енген) Басқарма жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Аталған мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылған, «Е-лицензия» ақпараттық жүйесіндегі электрондық үкімет порталы арқылы электронды түрде тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушылар қоршаған ортаға әсер ететін қызметті жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
2024 жылы 103 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы, 53 II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат берілді.
Егер бұл рәсімдер Экологиялық кодекстің талаптарында талап етілсе санат болжанатын қызметтің салдарын скринингтік тексеру сатысында немесе қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау кезінде, ал басқа жағдайларда - оператордың өз бетінше Кодекс пен нұсқаулардың талаптарын ескере отырып айқындалады.
Сәйкесінше объект операторлары II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат алуға, III санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алуға міндетті.
Сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен қоршаған ортаға әсерді оң бағалауды талап ететін объектілер бойынша қорытынды талап етілсе, қоршаған ортаға әсердің мемлекеттік сараптамасын беру қызметі таңдалуы тиіс.
Мемлекеттік қызметті алу үшін объектінің операторы (көзделіп отырған қызметтің бастамашысы) өтіншті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы www.egov.kz толтыруы қажет.
II санаттағы объектілерге қоршаған ортаға әсер етуге рұқсат алу үшін келесі құжаттар қажет:
- белгіленіп отырған қызметке қатысты – II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы;
- қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг нәтижелері туралы қорытынды;
- қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жатпайтын қызмет түрлері бойынша – оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары;
- эмиссиялар нормативтерінің жобасы;
- қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы;
- өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы;
- әсер етуге экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы;
- ашық жиналыс түрінде өткізілген қоғамдық тыңдау хаттамасы.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын алу үшін:
- III санаттағы объектілерді салуға және (немесе) пайдалануға жобалау құжаттары; немесе Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы талап етілетін қызмет түрлерінің жобалық құжаттары;
- қоғамдық талқылау түрінде өткізілген тыңдау хаттамасы.
Қызмет көрсету мерзімі:
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын берген кезде:
- III санаттағы объектілер үшін – 15 жұмыс күні ішінде;
- Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы талап етілетін өзге де объектілер бойынша – 30 жұмыс күні ішінде.
Қоршаған ортаға әсер етуге рұқсат беру кезінде:
- 30 жұмыс күнінен аспайды.
3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттардың құрамы тексеріледі. Құрамы толық болмаған жағдайда құжаттар өтініш берушіге қайтарылады (дәлелді бас тарту жеке кабинетке жіберіледі).
Сараптама жүргізу процесінде өтінім тіркелген күннен бастап II санаттағы объектілерге 15 жұмыс күні, III санаттағы объектілерге 7 жұмыс күні қоятын дәлелді ескертулер бойынша түзетулер енгізу мүмкіндігі көзделген. Бұл рәсім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілген.
Егер жобалау материалдарын жетілдірілгеннен кейін сарапшының барлық сұрақтары шешілмесе, алдын ала дәлелді бас тарту дайындалады. Әкімшілік іс жүргізу кодексіне сәйкес, мемлекеттік орган шешім қабылдағанға дейін көрсетілетін қызметті алушы тыңдалым отырысында өз ұстанымын білдіруге құқылы. Яғни, көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала дәлелді бас тартуды жіберіп, тыңдалым отырысына шақырамыз. Осыдан кейін ғана дәлелді бас тарту немесе оң рұқсат беру туралы шешім қабылданады.