Шығыс Қазақстан облысының қоршаған орта сапасының бекітілген нысаналы көрсеткіштері және барлық тиісті индикатордың нақты нәтижелері туралы ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының қоршаған орта сапасының бекітілген нысаналы көрсеткіштері және барлық тиісті индикатордың нақты нәтижелері туралы ақпарат

Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері деп қоршаған ортаның жекелеген құрамдастары жай-күйінің сандық және сапалық сипаттамаларының және қоршаған ортаны қорғау және белгілі бір уақыт кезеңінде қол жеткізілуге тиіс қалдықтарды тиімді басқару жөніндегі шаралардың қамтамасыз етілу деңгейін сипаттайтын өзге де көрсеткіштердің жиынтығы түсініледі (ҚР ЭК 37 бабы).

2019 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен ағымдағы «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ШҚО бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін түзету бойынша жұмыс жүргізілді. ШҚО бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері VI шақырылған облыстық мәслихат сессиясының 2020 жылғы                     9 қазандағы № 42/480-VI шешімімен бекітілді. Шығыс Қазақстан облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі шаралар кешені әзірленді. Шаралар кешені келесі салаларға бағытталған    іс-шараларды қамтиды: атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, көгалдандыру, жер үсті суларын қорғау.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР жаңа экологиялық кодексінің күшіне енуімен қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру қажет. «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының                     27-бабына сәйкес жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде оны іске асыру үшін қабылданған төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылуға жатады.

Осылайша, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы                   22 тамыздағы № 18/154-VII шешімімен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 42/480-VI «Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды.

Ағымдағы «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 2024 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері әзірленді.