Назар аударыңыз көктемгі уылдырық шашу!

Назар аударыңыз көктемгі уылдырық шашу!

Балық аулауға тыйым салу су жануарларының популяциясын сақтау үшін белгіленеді және бұл әсіресе көктемгі уылдырық шашу кезеңінде қажет.

Жалпы, балық ресурстарын пайдалану мәселелері «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен және заңға тәуелді қабылданған актілермен реттеледі, олардың негізгілерінің бірі «Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығы) және «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығы) болып табылады.

Олар биологиялық әртүрліліктің сақталуын және елдегі табиғи экологиялық жүйелердің бірегейлігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Бұл уақытта бақылаусыз балық аулау браконьерлік аулау болып саналады.

 Осылайша, балық аулауды жүзеге асыру кезінде заңнаманың белгіленген талаптарын қатаң сақтау қажет, оларды бұзғаны үшін әкімшілік, сонымен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңінде Ертіс бассейні бойынша балық аулауға тыйым салу мынадай жерлерде енгізіледі:

- Жайсан көлінде және Қарақастан бірінші Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде 16 сәуiрден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;

- бірінші Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС дейiн Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;

- Өскемен су қоймасында, Ертіс өзені Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін 10 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;

- Шүлбі су қоймасында, Ертіс өзенінде Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына 16 сәуірден 30 мамыр қоса алғандағы аралықта.

 

Осыған байланысты, Сіздерді уылдырық шашу кезінде аймақтың су айдындарында биоалуантүрлілікті сақтау мақсатында қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырамыз !!!