«Асу-Бұлақ орман шаруашылығы» КММ-нің Центральное орманшылығының аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар

«Асу-Бұлақ орман шаруашылығы» КММ-нің Центральное орманшылығының аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар

2023 жылғы 4 қазанда «Асу-Бұлақ орман шаруашылығы» КММ-нің Центральное орманшылығының аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Жаттығудың негізгі мақсаты ормандардағы шартты өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау, басқару органдарының (оның ішінде азаматтық қорғау қызметтерінің) өзара іс-қимылын ұйымдастыру болды.

Оқу-жаттығу барысында ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының,  ШҚО гарнизоны өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің ауқымды орман өрттерін сөндіруге дайындығы, сондай-ақ өрттегі іс-қимылдарды басқару жөніндегі басшы құрамның дайындық деңгейі тексерілді.

Жаттығу нәтижелері бойынша шартты өрт сөндірілді.