Шығыс Қазақстан облысында акваөсірудің дамуы бойынша

Шығыс Қазақстан облысында акваөсірудің дамуы бойынша

Шығыс Қазақстан облысында акваөсірудің дамуы бойынша

   Тауарлы балық өсіруді дамыту мақсатында 2021 жылғы сәуірде Үкімет Қаулысымен Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді (бұдан әрі - Бағдарлама).  2030 жылға қарай облыс бойынша жыл сайын 9 774 тонна тауарлық балық алу жоспарланған, оның ішінде: 8 578 тонна албырт, 1 151 тонна тұқы және 45 тонна бекіре тұқымдас балық түрлері.   Албырт балықтар бойынша (бақтақ)  тауарлық балық көлемінің өсуіне қол жеткізу екі жұмыс істеп тұрған форель өсіретін шаруашылықтарының («ШығысУниверсал» ЖШС, «ГрандФиш» ЖШС) өндірісін кеңейту және Бұқтырма су қоймасының таулық бөлігіндегі 7 резервтік учаскелерде осыған ұқсас жаңа торлы желілерді құру есебінен болады.

Бүгінгі таңда 7 учаскенің 4 учаскесі жалға беріліп, 3 учаске бойынша конкурс өтпеді.  

Конкурстарды ұйымдастырушы Балық шаруашылығы комитетімен конкурсты қайта жариялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тұқы тұқымдас балықтар бойынша 19 көл және бір тоған шаруашылығының («БУШӨШ» ЖШС) жобалық қуатына қол жеткізу есебінен жоспарлануда.

Бекіре тұқымдас балықтар бойынша көрсеткіштерге қол жеткізу жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік бекіре өсіру зауытының («OstFish» ЖШС) есебінен болады. 

2022 жылғы тауарлық балық өсіру көлемі толықтай орындалды (жоспар бойынша 1297 тн.), (2021 жыл – 480 тн.).

1491 тонна балық өсірілді, оның ішінде: албырт (бақтақ)  1322 тонна, тұқы 148 тонна  және бекіре 21 тонна немесе  - 115 %.

 Ағымдағы жылы 2846 тонна тауарлық балық алу жоспарланған (албырт 2468, тұқы 345, бекіре 33).

Тауарлық өсірудің негізін балық азығы пен балық өсіру материалдарының болуы құрайды.

2030 жылға қарай жемге деген қажеттілік балықты азықтандыру нормаларын сақтаған жағдайда, шамамен 15 мың тоннаны құрайды.

 Алматыдан албырт және бекіре тұқымдас балықтардың импорттық азығын жеткізу жолға қойылды (АллерАква компаниясы), (2022 жылы 1021 тонна жеткізілді).

«Өскемен ұн тарту зауыты» ЖШС тұқы балығының азығын сынақтан шығаруды қолға алды. 2021 жылы бірінші 8 тоннаны шығарды, биылғы жылы 100 тонна.

 2030 жылға қарай балық өсіру материалдарына деген қажеттілік 16 млн. дана балық шабақтарын құрайды (албырт тұқымдас - 11 млн., тұқы тұқымдас – 5,2 млн. және бекіре тұқымдас -  62 мың.). 

 Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығымен 6,3 млн. дана тұқы тұқымдас балықтардың шабақтары өсірілді (2021 жылы 4 млн. дана.).  Форель шабақтары мен ұрықтандырылған уылдырығы Польша мен Алматыдан әкелінген.  Жыл сайын «ШыгысУниверсал» ЖШС өзінің  инкубациялық цехында 1 млн.дана ұрықтандырылған уылдырықты одан әрі өсіреді. Ағымдағы жылы 500 мың.дана форель шабақтары өсірілді (2021 жылы 500 мың.дана).   Өзіндік балық басын толықтыратын аналық балық үйірін құрады, 120 мың. дана уылдырық алынды, 50 мың. дана өз өндірісінің шабақтарын шығарды.           «ГрандФиш» ЖШС 600 мың. дана ұрықтандырылған уылдырық әкелді, 400 мың. дана форель шабақтарын өсірді (2021 жылы 100 мың. дана).

Осылайша, кәсіпорындар өздерін отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету үшін жұмыс атқаруда.   Акваөсіру субъектілері шеккен шығындардың бір бөлігін инвестициялық инвестициялармен өтеу үшін биылғы жылға – 547  млн.теңге субсидиялар бөлінді.   2022 жылдан акваөсіру саласындағы мемлекеттік қолдау тізбесі жергілікті бюджет есебінен өтелетін субсидиялардың 5 түріне дейін кеңейтілді (балық азығы, дәрі-дәрмек және балық өсіру материалдарын сатып алу, балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу, балық басын толықтыратын аналық балық үйірін күтіп-баптау). 

Осыған байланысты, жергілікті бюджеттен талап етілетін шығындарды өтеуге 189 млн.теңге табысталатын болады

         Облыстың Аквамәдениетін дамыту мәселелері тұрақты бақылауда.