Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 Басқармамен жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетеді

Статистикалық есеп бойынша 2022 жылы 3 909 рұқсат берілді. (Соңғы 3 жылда рұқсат беру құжаттарының саны 16,8% - ға өсті)

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді толтыруы қажет www.egov.kz. сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мынадай құжаттар мен мәліметтер қоса берілсін:

1) (ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675) Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына - бұдан әрі (Қағида) 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеу үшін аулауға, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға) рұқсаттар беру кезінде;

2) Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға (аң аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індетті болдырмау мақсатында, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) рұқсаттар беру кезінде.

Пайдалану түріне байланысты қосымша:

1) аң аулауға (алғаш рет жүгінген кезде):

- жануарлар дүниесі объектілерін алып қою шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға арналған шартының электрондық көшірмесі;

2) ғылыми-зерттеу үшін аулауға:

- бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстарды жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмесі;

- жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың болжамды көлемін негіздейтін есептердің электрондық көшірмесі;

- бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі (берілген рұқсаттар жағдайында);

3) мелиорациялық үшін аулауға:

- осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім.

4) өсімін молайту мақсатында аулауға:

- балық ресурстарын молайтуға мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында аулау жағдайларын қоспағанда, бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;

5) кәсіпшілік үшін аулауға:

- Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім.

6) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:

- жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдардың электрондық көшірмесі (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме) беріледі.

7) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға:

- індет мониторингінен басқа, бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан үзіндінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмесі;

- індетті болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасында жануарлар аурулары індетінің мониторингі үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ветеринариялық ұйымының жыл сайынғы жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі;

- жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдардың электрондық көшірмесі (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме).

Мемлекеттік қызмет ақылы/ақысыз негізде көрсетіледі.

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес, Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес алынады. Төлем қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.

Төлемақы сомасы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған жер бойынша бюджетке төленеді. Төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақыны қоспағанда, рұқсат алынғанға дейін екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүргізіледі.

Кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде мынадай мерзімдерде үлестермен жүргізіледі:

- ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 20 пайызы;

- квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы;

- квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 маусымына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы.

Төлемақы:

 1) жануарларды кейіннен табиғи ортаға шығара отырып, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда оларды таңбалау, сақиналау, қоныс аудару, жерсіндіру, жасанды жолмен өсіру және будандастыру мақсатында табиғи ортадан алу кезінде;

2) жеке және заңды тұлғалардың жасанды жолмен өсірілген, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын меншігі болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану кезінде;

3) балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға биологиялық негіздеме мақсатында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асыруы кезінде;

4) халықтың денсаулығын қорғау, ауылшаруашылық және басқа да үй жануарларын аурулардан сақтау, қоршаған ортаға залал келтірудің алдын алу, ауылшаруашылық қызметіне елеулі залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қою кезінде алынбайды.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден ЭҮПШ шлюзі арқылы алады.

Қағиданың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы нәтижені беру күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды және жібереді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздердің тізбесі:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;

5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылады және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.