Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру

Басқарма жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бұл құзыретке мыналар жатады:

- III санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы (қызмет көрсету мерзімі - 15 жұмыс күні);

-  ҚР заңдарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті түрде оң қорытындысының болуы көзделген , экологиялық рұқсатты талап етпейтін барлық қызмет түрлеріне арналған жобалау құжаттары (қызмет көрсету мерзімі - 30 жұмыс күні).

 Мемлекеттік қызметті алу үшін объектінің операторы (көзделіп отырған қызметтің бастамашысы) өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы толтыруы қажет. Сондай – ақ, экологиялық сараптамаға жататын жобалау құжаттарын (құрылыс жобалары бойынша - жалпы түсіндірме жазба, қоршаған ортаны қорғау бөлімі, негізгі жұмыс сызбалары) тіркесін. Өтінішке объект операторының ЭЦҚ -сы қол қояды.

3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттардың құрамы тексеріледі. Құрамы толық болмаған жағдайда құжаттар өтініш берушіге қайтарылады (дәлелді бас тарту жеке кабинетке жіберіледі).

Сараптама жүргізу процесінде сарапшы белгіленген мерзімде қоятын дәлелді ескертулер бойынша түзетулер енгізу мүмкіндігі көзделген. Бұл рәсім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілген.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі – мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы (не дәлелді бас тарту) объект операторының жеке кабинетіне жіберіледі.

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу процесінде «қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларына» сәйкес (ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің м. а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығымен бекітілген) қоғамдық талқылаулар арқылы міндетті түрде қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін атап өткен жөн.

Статистика бойынша 2022 жылы басқарма мемлекеттік экологиялық сараптаманың 189 қорытындысын берді.