II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру

II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру

Басқарма II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Статистика бойынша 2022 жылы 121 экологиялық рұқсат берілді

Мемлекеттік қызметті алу үшін объектінің операторы (көзделіп отырған қызметтің бастамашысы) өтіншті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы www.egov.kz толтыруы қажет. Сондай-ақ келесі құжаттарды тіркеңіз:

- белгіленіп отырған қызметке қатысты – II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы;

- қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг нәтижелері туралы қорытынды;

- қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жатпайтын қызмет түрлері бойынша – оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары;

- эмиссиялар нормативтерінің жобасы;

- қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы;

- өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы;

- әсер етуге экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы;

Өтінішке объект операторының ЭЦҚ -сы қол қояды.

Қызмет көрсету мерзімі - 30 жұмыс күні.

3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттардың құрамы тексеріледі. Құрамы толық болмаған жағдайда құжаттар өтініш берушіге қайтарылады (дәлелді бас тарту жеке кабинетке жіберіледі).

Сараптама жүргізу процесінде өтінім тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде сарапшы қоятын дәлелді ескертулер бойынша түзетулер енгізу мүмкіндігі көзделген. Бұл рәсім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілген.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі – II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат (не дәлелді бас тарту) объект операторының жеке кабинетіне жіберіледі.

II санаттағы объектілер бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу процесінде міндетті түрде «қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларына» сәйкес ашық жиналыстар нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізіледі (ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығымен бекітілген).